
«Қазгидромет» мәліметінше, 17 тамызда Қазақстаннның бірнеше өңірінде ауа райы нашарлайды. Бірқатар өңірде, әсіресе солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауады, дауыл тұрады. Оңтүстікте өрт шығу қаупі жоғары.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астана қаласында 17 тамызда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні күндіз 15-18 м/с дейін күшейеді.
Алматы қаласында өрт шығу қаупі жоғары.
Шымкент қаласында 17-18 тамызда өрт шығуы мүмкін екені ескертілді.
Солтүстік және орталық өңірлер
17 тамызда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде шығысында кей уақыттарда жаңбыр мен бұршақ жауып, дауыл тұрады. Найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі бар.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Шығыстағы ауа райы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі жоғары.
Абай облысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Өрт шығу қаупі жоғары.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Жоғары шығуы мүмкін.
17 тамызда түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Оңтүстіктегі ауа райы
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні 23 м/с жейін жетеді. Өрт шығуы мүмкін.
17 тамызда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күші – 15-20 м/с. 17-18 тамызда облыста өрт шығу қаупі жоғары.
Қызылорда облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Өрт шығу қаупі бар.
Батыс өңірлер
17 тамызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі. Өрт шығу қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары, батысында төтенше өрт шығу қаупі бар.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар екені ескертілді.
Маңғыстау облысында өрт шығу қаупі жоғары.