Алматыда жүгері арасына есірткі өсірген күдікті ұсталды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Есірткі / фото: shutterstock
Есірткі / фото: shutterstock

Алматы облысында жүгері алқабының арасында жарысын есірткі өсірген тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Мекеме мәліметінше, өңір полициясы 15 тамызда Еңбекшіқазақ ауданында арнайы операция жүргізді. Соның нәтижесінде 36 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Тексеру барысында жалпы аумағы 4,5 га шаруа қожалығының жерінен жасырын плантация анықталды. Жүгері алқабының арасында 233 түп қарасора егілгені белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасырылған жерден марихуана тұқымдары салынған 58 пробирка тәркіленді», – деп хабарлайды polisia.kz.

Олардың жалпы салмағы 49 келіден асқан.

Ішкі істер министрлігі есірткі айналымына қатысты кез келген заңсыз әрекеттің қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін қатаң ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз