Жаңалықтар

«Қайрат» күтпеген жерден «Елімайдан» жеңіліп қалды

"Қайрат" клубының футболшылары
фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубы күтпеген жерден өз алаңында «Елімайай» (Семей) командасынан жеңіліп қалды. Алматыда өткен матч 2:3 есебімен аяқталды.

Қазақстан премьер-лигасының 21-турында «Қайрат» семейлік «Елімаймен» кездесті. Жергілікті клуб 2:0 есебімен жеңіп жатып, қатарынан үш гол жіберіп алды.

Алматылық клуб бас бапкері Рафаэль Оразбахтин чемпиондыққа таласатын команда бұлай қателесуге болмай деп есептейді.

«Біз үшін өкінішті жеңіліс болды. Қорғаныста ең жақсы ойынымызды көрсете алмадық. Жеке пікірім: жеңіл голдарды жіберіп алдық. Чемпиондыққа таласатын команда бұлай қателеспеуі керек», – дейді бапкер.

Оның айтуынша, клуб футболшылары жексенбі күні демалады. Ал 18 тамызда Шотландияға ұшады. «Қайрат» осы елде Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінің плей-оффында «Селтикпен» кездеседі. Матч 21 тамызға қараған түні сырт алаңда өтеді.

Қазақстан чемпионатында «Қайрат» 43 ұпаймен көш бастап тұр. Семейлік «Елімай» Алматыдағы жеңісінен кейін турнир кестесінің төртінші орнына көтерілді.

Бұған дейін Kursiv.Media «Қайрат» клубының Чемпиондар лигасында қанша ақша тапқанын есептеп шыққан.