Жаңалықтар

Петропавлда нөсерден кейін үйлер мен аурухананы су басты

Петровалда нөсер жаңбырдан соң үйлер мен ауруханаларды су басты
Сурет ЖИ көмегімен дайындалды

Петропавл қаласында нөсер жаңбырдан кейін бірнеше үй мен аурухананы су басып қалды. Өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына 100-ден аса өтініш келіп түсті.

Солтүстік Қазақстан орталығындағы нөсер жаңбыр салдары әлеуметтік желілерде де хабарланып жатыр. Видеодан байқағанымыз, қалалық вокзал орналасқан аудандағы көшелерді су басқан.

Тағы бір видеодан судың Семашко көшесінде орналасқан аурухананы да басып қалғанын көруге болады. Видео авторы судың осы маңдағы тұрғын үйлерге де кіргенін айтты.

Солтүстік Қазақстан Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің хабарлауынша, нөсерден ейін жүзден аса тұрғын хабарласып, көмек сұраған. Мекеме жағдай айтарлықтай күрделі еместігін мәлімдеп отыр. Қалада көлік қозғалысы тоқтамаған.

Петропавл әкімшілігі Kursiv.Media-ға мәлімет жолдауға уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында ғана «Қазгидромет» елдің солтүстік өңірлерінде нөсер жаңбыр жауатынын ескерткен. Кәсіпорын мәліметінше, 17 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр мен бұршақ жауады. Дауыл тұрып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.