Жаңалықтар

Тоқаев пен Путин сөйлесіп, Аляска саммитін талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин / фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин / фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақорданың ресми мәліметінше, мемлекет басшысы әріптесін АҚШ Президенті Дональд Трамппен Аляскада өткен кездесу қорытындысымен құттықтады.

«Президенттің пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украина жөніндегі ұстанымын америкалық тараптың жақсы түсінуіне септігін тигізді. Бұл күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға көмектеседі».

Ресми мәліметте «Тоқаев Аляскадағы саммитті Ресейдің халықаралық позициясын және әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан айтулы кездесу болды деп санайтыны» айтылған.

Мемлекет басшысы сапардың сәтті ұйымдастырылғанын атап өтті. Қазіргідей күрделі жағдайда мұның саяси мәні зор, деп жазды Ақорда.

«Владимир Путин өз тарапынан әріптесіне Аляскада өткен келіссөздің кейбір нақты аспектілері туралы мәлімет берді».

Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті Ресей Президентіне энергетика саласындағы конструктивті ынтымақтастық үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды Ақорда.