Апталық қорытынды: Нарықтардағы серпінді қозғалыстар

Жарияланды
Апталық қорытынды: Нарықтардағы серпінді қозғалыстар / коллаж kursiv.media

АҚШ нарығы – инфляция мен ФРС күтулерінің «ойыны»

Өткен аптада АҚШ-тың негізгі индекстері айтарлықтай серпін көрсетті.

  • S&P 500: 6 449,79 (+1,49%) – тарихи максимумдарға жақындады.
  • Dow Jones: 44 946,13 (+2,01%) – жыл басынан бергі ең жоғары апталық өсім.

Аптаның басты драйвері – инфляция деректері. Шілде айындағы жылдық ИПЦ 2,7% болып, күтілген 2,8%-дан төмен шықты. Бұл нарық қатысушыларына ФРС қыркүйекте ақша-кредит саясатын жұмсарта алады деген үміт сыйлады.

  • Сейсенбіде осы статистика әсерінен S&P 500 6446 пунктке көтеріліп, жаңа тарихи максимумға шықты.
  • Сәрсенбіде Қытаймен сауда «бітімінің» ұзартылуы және АҚШ қаржы министрінің мөлшерлемені төмендету жайлы мәлімдемесі индексті 6462 пунктке жеткізді.
  • Алайда бейсенбіде өндірушілер бағасының индексі (PPI) 2,3%-дан 3,3%-ға дейін секіріп, нарықты қысқа мерзімде дүрліктірді. Дегенмен трейдерлер «тұтынушылық инфляция жеңілді» деп, құлдырауды тежеді.

 Техникалық тұрғыдан:

  • Базалық мақсат – 6400-6500 пункт орындалды.
  • Келесі кедергі – 6500-6520 пункт. Егер бұзылса, нарық 6800-6900 пунктке дейін бара алады.

Мұнай – әлсіздік кезеңі

Өткен аптада мұнай нарығында айқын белгісіздік сақталды. Brent маркалы мұнайдың бағасы $66,31 деңгейінде тоқтады, апталық өзгеріс — -0,78%. Бұл динамика бір қарағанда әлсіз көрінгенімен, ішкі факторлар мен сыртқы тәуекелдер бағаның жаңа бағыт алуына себепші болып отыр.Негізгі диапазон: $66-68.

Қысым факторлары

  1. ОПЕК+ өндірісті ұлғайтуы.
    Қыркүйектен бастап ұйым тәулігіне тағы 548 мың баррельге дейін өндіру көлемін көбейтуді жоспарлап отыр. Бұл шешім нарықтағы ұсынысты арттырып, бағаға қысым түсіреді.
  2. Ресей факторы.
    Әлемдік нарықтарда Ресейге қарсы санкцияларды жұмсарту немесе мүлде алып тастау ықтималдығы талқылануда. Егер Ресейдің экспорттық мүмкіндіктері кеңейсе, нарықтағы ұсыныс одан әрі артады.
  3. Қытайдағы сұраныс баяулауы.
    Қытай – әлемдегі ең ірі мұнай тұтынушы. Елдегі экономикалық өсімнің бәсеңдеуі, өндірістің төмендеуі мұнайға деген сұранысқа кері әсер етуде.

Техникалық тұрғыдан қыркүйекке дейін «қолайлы кезең» күтілуде, бірақ фундаменталды қысым сақталады.

Алтын – жазғы «тыныштық»

Алтын бағасы – $3 338,7 (-2,30%).

  • Диапазон: $3250-3450.
  • Қазір орта нүктеде – $3330-3350.
  • Тамыз ортасынан кейін диапазоннан шығу ықтималдығы жоғары.

Криптовалюта – баяу оң динамика

Биткоин бағасы $117 937,94 (+1,25%).

  • Институционалды сұраныс әлсіз, бірақ тұрақты сатып алу сақталуда.
  • Техникалық мақсат – 120 000$ деңгейіне тестілеу.

Валюталық нарық – теңге тұрақтану кезеңінде

  • USD/KZT аптаны ₸540,93 деңгейінде аяқтады (+0,03%).
  • Апта ішінде ₸538,40 деңгейіне дейін нығайған болатын.
  • Доллар индексі (DXY) әлсіреп жатыр, EUR/USD жұбы 1,1682 шамасында.

Қазақстандық теңге мұнай бағасына қысқа мерзімде тәуелді. Brent төмен болып тұрғанымен, ішкі факторлар (салық төлемдері, экспорт түсімі) теңгені ұстап тұр.

Әлемдік нарық динамикасы

  • АҚШ: S&P 500 +1,49%, Dow Jones +2,01%.
  • Қытай: Hang Seng +1,21%, Shanghai +1,70%.
  • Ресей: МосБиржа +4,06%.
  • Ұлыбритания: FTSE 100 +0,42%.
  • Қазақстан: KASE +4,56%.

Қазақстан нарығы – ішкі серпін

KASE индексі апта ішінде 6 862,78 деңгейіне жетіп, +4,56% өсім көрсетті.

  • Bcc.kz (CCBN): +20,03% – апта көшбасшысы.
  • Kaspi.kz: +4,59%, Халық Банк: +6,75%, Қазатомпром: +3,34%.
  • Кері динамика: KMG (-3,25%), Freedom Holding (-2,74%).

Қазақстан нарығы үшін басты драйвер – банктік сектор акциялары мен fintech. Kaspi.kz және Халық банктің өсімі инвесторлардың сенімін арттырды.

Геосаяси факторлар

  • Жұма күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтеді.
  • Қытаймен сауда келісімі тағы 90 күнге ұзартылды.
  • Келесі аптада маңызды оқиғалар:
    • ФРС хаттамалары (сәрсенбі),
    • PMI индекстері (бейсенбі),
    • Джексон-Хоул симпозиумы (жұма), онда Джером Пауэлл сөз сөйлейді.

 Бұл оқиғалар келесі аптада нарықтарға бағыт бермек.

Өткен апта әлемдік нарықтар үшін айқын белгі берді:

  • S&P 500 инфляция деректері арқасында рекордтық биіктерге шықты.
  • Мұнай қысым астында, бірақ техникалық қолдау әлі берік.
  • Алтын жазғы диапазонда тұр, бірақ тамыз ортасынан кейін серпін күтілуде.
  • Теңге салыстырмалы түрде тұрақты, ішкі нарық позитивті динамика көрсетті.
  • Қазақстандық KASE индексі аймақтық нарықтар арасында көшбасшылардың бірі болды.
Сондай-ақ оқыңыз