Жаңалықтар

Прокурорлар 9 миллиард теңгеден астам күмәнді қаржы ағыны тексеруде

Прокурорлар 9 миллиард теңгеден астам күмәнді қаржы ағыны тексеруде
Прокурорлар 9 миллиард теңгеден астам күмәнді қаржы ағыны тексеруде/Фото: Gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов күмәнді қаржы ағынын бақылау жұмысы аясында «ақша ізіне түсу» қағидаты бойынша есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесі әзірленгенін хабарлады.

Асыловтың сөзінше, арнайы прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 миллиардтан астам теңгені құраған қылмыстық істерді тергеп жатыр.

«Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 миллиард теңгені қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды. Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынды. Астанада бірнеше есірткі дүкендері жұмыс жасауының жолын кесіп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаны тыйым салушаралары қолға алынды», – делінген Асылов жазбасында.

Ол кей істер бойынша шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталғанын атап өтті. Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының ірі есірткі дүкені бойынша қызметкерлерінің көмегімен шетелдік ағындарды, соның ішінде криптовалютадан 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакция жасалғанын анықтаған. 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны ұстаған.

«ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар құрайтын осындай істі тергеп-тексеруде. Барлық есірткі саудасы интернетте жалған шоттарды, криптовалюталарды және P2P төлемдерін пайдалана отырып жүзеге асырылатынын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы күресте IT-технологиялар қолданылады», – дейді ол.

Есірткіге қатысты барлық қылмыстық істер бойынша «дроппер» транзакцияларын бұғаттау алгоритмі қосылған. Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынған. Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асқан.

Жуырда президент дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік көздейтін заң жобасына қол қойған. Ол дропперлікпен айналысқан тұлғаларды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.