Жаңалықтар

LRT негізгі желісінде рельс төсеу аяқталды

LRT негізгі желісінде рельс төсеу аяқталды
LRT негізгі желісінде рельс төсеу аяқталды/Фото: CTS

Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельстерді төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі, деп хабарлады City Transportation Systems компаниясы.

Жұмыс аясында барлығы №101–118 бекеті аралығында 89 600 погондық метр рельс төселген. Қазіргі уақытта рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталмақ.

«Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жолаушылар мен жақын маңдағы аудан тұрғындарына қолайсыз жағдай туғызбау үшін жасалған», – делінген хабарламада.

Бұдан әрі төтенше жағдайлар кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін эвакуациялық платформаларды орнату жұмыстары жүргізілмек.

Бұған дейін, LRT-ға темір жол саласында тәжірибесі бар машинистер іздеп жатқаныз жазғанбыз.

Сондай-ақ LRT-ны салып жатқан City Transportation Systems компаниясы жарты жылда 11 млрд теңге шығынға батқаны белгілі болды.