
«Қазгидромет» мәліметінше, 18 тамыз күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
Ел бойынша жел күшейеді, солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Астана
18 тамыз: ауыспалы бұлттылық, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы: түнде +11…+13°C, күндіз +19…+21°C.
Алматы
18 тамыз: ауыспалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы: түнде +17…+19°C, күндіз +23…+25°C.
Жоғары өрт қаупі: Алматы облысының батысы мен оңтүстік-шығысы, Жетісу облысының батысы, Атырау облысының батысы, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысы, Қызылорда облысының орталығы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығы, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысы.