Ақ үй Трамп пен Зеленскийдің кездесу кестесін жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Племянник Кеннеди планирует баллотироваться в президенты США
Трамп пен Зеленскийдің кездесу уақыты белгілі болды / фото: архив kursiv.media

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесу уақыты белгілі болғанын хабарлады. Кездесу бүгін Астана уақытымен 22:15-те басталып, бір сағатқа созылады.

Roll Call басылымының дерегінше, одан кейін Ақ үй басшысының қатысуымен Еуропа елдері көшбасшыларының көпжақты кездесуі өтеді. Ол 19 тамызға қараған түні сағат 00:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Кімдер қатысады?

Ақ үйдегі көпжақты кездесуге Еуропаның жетекші саясаткерлері қатысады: Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен.

«Ертең Ақ үй үшін маңызды күн. Бұған дейін мұнша көп еуропалық лидер бір уақытта жиналмаған. Оларды қабылдау – мен үшін үлкен мәртебе!», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social парақшасында.

Трамп пен Зеленский арасындағы келіссөздер Ресей–Украина қақтығысын реттеуге арналмақ. Украина президенті бұған дейін Вашингтонға жеткенін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз