Ақмола облысында ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Фото:t.me/Burkit001

17 тамызда Ақмола облысында жеңіл моторлы Aerostar R40F UP-LA229 әуе кемесі апатқа ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Ұшақ жалпы авиация желісі бойынша жоспарлы әуе рейсін орындап келе жатқан. Құлау кезінде әуе кемесі өртенген жоқ.

Авиациялық оқиғаларды тергеу ережелеріне сәйкес комиссия құрылды. ҚР Көлік министрлігінің оқиғаларды тергейтін департаментінің қызметкерлері апат орнына аттанды, — делінген министрлік мәлімдемесінде.

Ал Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдем шақырту туралы да мәлімет берді.

Сағат 17:08-де қоңырау түсті. Алғашқы бригада 17:15-те, екіншісі 17:17-де жетті. Өкінішке қарай, ер адам мен әйел адам оқиға орнында алған жарақаттарының ауырлығынан көз жұмған, — деп хабарлады дәрігерлер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Bek Air әуе компаниясының апатынан кейін қаза тапқан екі ұшқышқа қатысты сот процесі басталғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз