«Қайрат» – «Селтик» матчының билеттері сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

26 тамыз күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матч өтеді. Алматылық «Қайрат» шотландиялық «Селтикке» қарсы алаңға шығады.
Бұл кеште Алматыда тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының әнұраны шырқалмақ.
Билеттер қашан сатылады?
Билеттер сатылымға 19 тамызда күні шығады. «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге Qairat SuperApp қосымшасын жүктеп алуды ұсынады. Билет сатылымға шыққан бойда пайдаланушыларға push-хабарлама жіберіледі.
Бұрынғыдай маусымдық абонемент иелері өз орнын тиімді бағамен бірінші болып сатып алу құқығына ие. Бұл үшін Ticketon командасы әр абонемент иесіне жеке хабарласып, мәліметтерді нақтылап жатыр.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар билетті тек ресми сатылымнан алуға кеңес береді. Өйткені алыпсатардан алынған билет жарамсыз болуы мүмкін. Бұл жағдайда жанкүйер стадионға кіре алмай қалады.
Жанкүйерлерге матч басталғанға дейін 2–3 сағат бұрын келу ұсынылады. Бұл үлкен футбол атмосферасын сезінуге және ұзын-сонар кезектен қашуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін алматылық клуб словениялық «Олимпияны» 3:1, КуПС фин клубын 3:2, словакиялық «Слованды» 1:1 (4:3 пен.) есебімен жеңді.