Авто

Алматыда көлік жуу қызметкерлері мас күйінде көлікті айдап кетті

көлік жуу қызметкерлері мас күйінде жол апатына түсті / фото: ашық дереккөз

Алматыда 17 тамызы күні түнгі сағат 23:30 шамасында Полевая көшесінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, көлік жуу қызметкерлері мас күйінде клиенттің көлігін айдап шығып, серуендеуді ойлаған. Алайда көлікті басқара алмай, апатқа ұшырады.

Оқиға кезінде ешкім зардап шеккен жоқ: жүргізушілер де, жүргіншілер де аман. Бірақ көлікке қатты зақым келіп, толықтай жарамсыз болып қалды.

Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.