
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ астанасы Вашингтонға жетіп, 18 тамыз күні америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездесетінін мәлімдеді.
«Вашингтонға жеттім. Ертең АҚШ президентімен кездесу өтеді. Сондай-ақ еуропалық лидерлермен де сөйлесеміз. АҚШ президентіне шақырғаны үшін ризашылығымды білдіремін», – деп жазды Зеленский.
Зеленский Украина ұзақ мерзімді бейбітшілікті талап ететінін атап өтті.
«Біздің Америкамен және еуропалық достарымызбен біріккен күшіміз Ресейді шынайы бейбітшілікке алып келеді деп сенемін», – деді Зеленский.
Бұған дейін, Украина президенті Владимир Зеленский Еуропа басшыларымен бірге Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу өткізетінін жазған едік.