Банк пен қаржы

Әлемдегі ең қымбат брендтер қандай?

Apple бренді / Фото: ашық дереккөзден

Apple биыл қатарынан төртінші жыл әлемдегі ең қымбат брендтер рейтингінде бірінші орынға шықты. Бұл жөнінде BrandZ Top 100 Most Valuable Global Brands-тың жыл сайынғы есебінде жазылған. Компания құны бір жыл ішінде 28%-ға өсіп, 1,3 трлн долларды құрады.

Екінші орында – Google (Alphabet Inc. холдингі). Оның құны 25%-ға өсіп, 944,1 млрд долларға жетті. Microsoft Corp. құны 24%-ға өсіп, 884,8 млрд долларды, ал Amazon.com Inc. 50%-ға өсіп, 866,1 млрд долларды құрады.

Бесінші орынға Nvidia Corp. көтерілді. Оның құны 2,5 есе артып, 509,4 млрд долларға жеткен. Одан кейін Facebook пен Instagram орналасқан. Олардың құны сәйкесінше 300,7 млрд және 229 млрд долларды құрады. Былтыр үздік бестікке кірген McDonald’s бағасы 0,4%-ға төмендеп, 221 млрд доллар болды.

Әлемдегі ең қымбат он брендтің қатарына Oracle Corp. және Visa Inc да енді. Олардың құны тиісінше 48%-ға (215,35 млрд доллар) және 12,9%-ға (213,35 млрд доллар) өскен.

Nvidia-дан бөлек, өткен жылы ең үлкен өсім (екі еседен артық) қытайлық Huawei (64,7 млрд доллар, 39-орын) және Xiaomi (21,9 млрд доллар, 96-орын), сондай-ақ америкалық VMware Inc. (47 млрд доллар, 55-орын) брендтерінде тіркелді.

ChatGPT (43,6 млрд доллар, 60-орын), Stripe (26,1 млрд доллар, 85-орын), Chipotle Mexican Grill (26,1 млрд доллар, 86-орын) және шведтік Spotify (29,7 млрд доллар, 76-орын) брендтері де жүздікке еніп отыр.

2006 жылдан бері BrandZ Top 100 компаниясы Kantar агенттігімен бірге әлемдегі ең қымбат брендтер рейтингін жасап келеді. Рейтингті құрастыруда компаниялардың қаржылық көрсеткіштері және шамамен 4,5 млн тұтынушының пікірлері ескеріледі.