
Биылдан бастап Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен 29 қазан Қазақстан кәсіпкерлер күні деп бекітілді.
Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. Осыдан он жыл бұрын 29 қазанда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданған.
Қазір елімізде 2 млн 300 мыңнан аса кәсіпкер тіркелген. Бизнесті қолдау үшін жыл басынан бері 288 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланған. 61 млрд теңгеге 737 жобаға кепілдік берілді. Тоғыз мыңға жуық кәсіпкер оқытылды.
Осы жылы шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Өрлеу» бағдарламасы да іске қосылды. Оның аясында кәсіпкерлерге 12,6% мөлшерлемемен 270 млрд теңге қаражат бөлінді.
Ал «Даму» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 271,1 млрд теңге бөледі. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, 2029 жылға дейін орта бизнес үлесін 15%-ға жеткізу қажет.
Осы жылы елімізде жаңа бес мереке пайда болды. Бизнесмендер күнінен бөлек 7 шілде – Қазақстан қолөнершілер күні, 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлері күні, 15 қыркүйек – Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкері күні және 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкері күні – 20 қазан деп бекітілді.