Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндіру үшін өзен арнасын бұрып жіберген

Фото: ашық дерекөзден

Шығыс Қазақстанда күдіктілер алтын өндіру үшін өзен арнасын бұрып жіберген. Осылайша екі жыл бойы заңсыз өндіріспен айналысып келген деп хабарлайды қаржы мониторинг агенттігінен.

»EastGoldStone» атты ЖШС Ұлан ауданы Шыбынды өзенінің аңғарында жер қойнауын өз бетінше пайдаланып, бағалы металды заңсыз өндіреді. Олар заң талаптарын бұзып, жергілікті өзен арнасын өзгерткен. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған.

Агенттік бағалауынша, кәсіпкерлердің әрекеті салдарынан экологияға 300 млн теңгеден астам зиян келді. Құзырлы органдар кен орнында тінту жүргізіп, жалпы көлемі 382 млн теңгеден астам 6 кг алтын тәркіледі.

Заңсыз әрекетті ұйымдастырушы екі айға қамауға алынды, қазір тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін Жамбыл облысы Ақбақай кен орнында заңсыз алтын өндірген күдіктілер ұсталған еді. Агенттік хабарынша, 50 адамнан тұратын топ заңсыз цех ашып, сол жерде бағалы металды өндеуге тырысқан.

🔴