Жаңалықтар

«ҚТЖ» топ-менеджері жұмыстан алынып, директорлар кеңесі өзгерді

вагоны
Фото: КТЖ

«ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев қызметтен алынды. Соған байланысты ұлттық компанияның директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Мәлімет Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланды.

15 тамызда қабылданған шешімге сәйкес, Кеулімжаев қызметтен босап қана қоймай, директорлар кеңесінен де шығып қалған.

Қазір ҚТЖ директорлар кеңесінің құрамында сегіз адам бар. Олар:

  • Талғат Алдагербенов;
  • Әнуар Ахметжанов;
  • Мұрат Төрегелдин;
  • Даир Көшеров;
  • Бауыржан Орынбасаров;
  • Ерлан Қойшыбаев;
  • Александра Смолина;
  • Рамазан Садырқұлов.

Топ-менеджердің не себепті қызметтен алынғаны әзірге белгісіз. Серік Кеулімжаев компанияның аппарат жетекшілігіне 2022 жылы тағайындалған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов 19 тамыздағы үкімет отырысында баяндама жасайды.