Миллиардер Құлыбаев компаниясы Қызылордада мұнай қорын іздейді

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
«Кристалл Менеджмент» пробурит три скважины, чтобы оценить запасы нефти
Фото: shutterstock

Кәсіпкер Тимур Құлыбаев иелігіндегі «Кристалл Менеджмент» компаниясы Қызылорда облысында мұнай мен газ қорын анықтау үшін үш бұрғы салады. Жоба резюмесімен Kursiv.Media танысып шықты.

Құлыбаев игеретін Сұлутабан кеніші

Акцияларының 51%-ы Құлыбаевтың Joint Resources компаниясына тиесілі кәсіпорын Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Сұлутабан кен орнында шикізат қорын іздейді. 750 метрге дейін тереңдікке үш бұрғы салынады. Жоба кен орнындағы мұнай мен газ қорын бағалауға көмектеседі.

Жобаның қысқаша сипаттамасы 15 тамызда өткен қоғамдық талқылауда жарияланды. Құжатқа сәйкес, бұрғылар құрылысын кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланып отыр. Жұмыстардың бәрі 2025-2026 жылдары жүргізіледі.

Компания осы өңірде 2014 жылдан бері геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп келеді. Сұлутабан кен орны 2019 жылы ашылды. Бұрғылау нәтижесінде мұнда мұнай мен газға бай екі жер қыртысы анықталды.

Айта кетейік, «Кристалл Менеджмент» 2024 жылғы қаңтарда Сұлутанға бұрғы салатынын жариялаған. Сол кезде кенішті игеру 2024-2063 жылдары аралығында жүргізіледі делінген. Алайда компания осы жұмыстардың не себепті дер кезінде жүзеге аспағанын түсіндірмеді.

Сұлутабандағы мұнай мен газ қоры

Сұлутабанда геологиялық нақтыланған мұнай қоры мынадай:

  • С1 – 3,4 млн тонна, соның ішінде 1,2 млн тоннасы өндіруге жатады;
  • С2 – 3,4 млн тонна.

Газ қоры:

  • С1 – 1,5 млн текше метр, соның ішінде 0,5 млн текше метрін өндіруге болады;
  • С2 – 1,5 млн текше метр.

Компания бір жылда 75 мың тонна мұнай және 35 мың текше метр газ өндіруді көзейді. Өндіріс қуаты 2028 жылға қарай күшейеді. Бірақ оған дейін 12 бұрғы салу қажет болады.

Жақында «Кристалл менеджмент» 2025 жылдың алғашқы жартысында 1,8 млрд теңге шығынға батқанын хабарлаған. Былтыр алты айтадағы шығын көлемі 894,2 млн теңге болған. Осылайша, компания шығыны бір жылда екі есеге артқан.

Компания кімге тиесілі

30 маусымдағы мәлімет бойынша, «Кристалл Менеджмент» акцияларының 51%-ы Joint Resources компаниясына тиесілі. Ал оның жалғыз акционері – Тимур Құлыбаев. Миллиардер ғаламдық Forbes тізімінде 658-орында тұр. Оның дәулеті 5,8 млрд долларға бағаланды. Кәсіпкердің әйелі Динара Құлыбаева да дәл осындай көлемде байлыққа ие.

«Кристалл Менеджмент» акцияларының 24,5%-ы EuroAsia Construcion компаниясына тиесілі. Ал оған Intelligent Consulting Solutions және Food & Beverage Industry қожалық етеді. Біріншісі Асқар Әубәкіровтің, екіншісі Қайрат Қырымовтың компаниясы. «Кристалл Менеджент» акцияларының 15%-ына Жұмабике Жылбаева «Позитив-А» арқылы ие. Ал Раушан Сағдиеваның FCI Management LLP компаниясының 9,5% үлесі бар.

Сондай-ақ оқыңыз