
Алмасхан Сматлаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жаңа қызметке тағайындалған шенеунік экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
«Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша 2025 жылы 18 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Алмасхан Сматлаев тағайындалды»,– делінген хабарламада.
Алмасхан Сматлаев кім?
Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.
2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сынды әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.
Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.