Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны бір миллионға жуықтады

Мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрғандар саны 929 мыңға жетті / Фото: shutterstock

Отбасы банк мемлекеттік тұрғын үй алу кезегінде тұрған қазақстандықтардың жаңартылған тізімін жариялады. 31 шілдедегі мәлімет бойынша, кезекте 929 мың адам тіркелген.

Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй кезегінде 66 280 адам тұр. Олардың ішінде келесі санаттағы азаматтар бар: мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым қызметкерлері, қандастар, толық емес отбасылар, мүгедек баласы бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген ардагерлер, көпбалалы отбасылар, жалғыз баспанасы апатты деп танылған азаматтар, ауыр дертке шалдыққандар және басқа да санаттар.

Алматы қаласында тұрғын үй кезегінде – 75 494 адам, Шымкентте – 84 957 адам тұр. 

Ақмола облысында – 29 455 адам, Ақтөбе облысында – 52 003 адам, Алматы облысында – 63 038 адам, Атырау облысында – 42 393 адам, Шығыс Қазақстанда – 25 285 адам, Жамбыл облысында – 56 189 адам, Батыс Қазақстан облысында – 39 493 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Қарағанды облысында тұрғын үй кезегінде 40 326 адам, Қостанай облысында – 32 913 адам, Қызылорда облысында – 53 564 адам, Маңғыстау облысында – 33 956 адам, Абай облысында – 27 366 адам, Жетісу облысында – 40 242 адам, Павлодар облысында – 32 492 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 23 840 адам тіркелген.

Ең көп кезек Түркістан облысында – 102 064 адам, ал ең азы – Ұлытау облысында (7 688 адам).

Осылайша, Қазақстан бойынша мемлекеттік тұрғын үй кезегінде барлығы 929 038 адам тұр.  

Айта кетейік өзіңізді тұрғын үй кезегіндегі тізімнен тексеру үшін Отбасы банк сайтына кіріп, тиісті аймақты таңдап, тізімді жеке компьютерден жүктеу ұсынылады.

Еске салайық мамыр айында азаматтар үшін «Отбасы банкінде» жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды. Енді баспанаға мұқтаж қазақстандықтар «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» арқылы үй кезегіне тұра алады.