Енді ата-аналар балаларын басқа мектепке онлайн ауыстыра алады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанда енді баланы басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады / Фото: kursiv.media архиві  

Енді ата-аналар мен заңды өкілдері баланы бір мектептен екіншісіне үйден шықпай-ақ ауыстыра алады. eGov.kz порталындағы жаңа сервис арқылы баланы тұрғылықты мекенжайы бойынша да, одан тыс жердегі кез келген мектепке ауыстыруға мүмкіндік бар. Оқу-ағарту министрлігі оны қалай жасауға болатынын түсіндіріп берді.

Процесс барынша жеңілдетілген, бұрынғыдай оқушыны мектептен шығару немесе тіркеу талондары қажет емес, жеке іс-қағаздарын қолмен тапсырудың да қажеті жоқ. Жаңа мектепті таңдағанда оқыту тілі бірден көрінеді, ал қажет болған жағдайда өтінішті кері қайтаруға болады.

Қызметті алу үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;
  • «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
  • Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
  • Өтініштің мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға болады.

Еске салсақ осыған дейін мектеп ауыстырудың балаға әсері мен салдары жөнінде мамандардан пікірін ұсынған болатынбыз.

Сондай-ақ оқыңыз