
Енді ата-аналар мен заңды өкілдері баланы бір мектептен екіншісіне үйден шықпай-ақ ауыстыра алады. eGov.kz порталындағы жаңа сервис арқылы баланы тұрғылықты мекенжайы бойынша да, одан тыс жердегі кез келген мектепке ауыстыруға мүмкіндік бар. Оқу-ағарту министрлігі оны қалай жасауға болатынын түсіндіріп берді.
Процесс барынша жеңілдетілген, бұрынғыдай оқушыны мектептен шығару немесе тіркеу талондары қажет емес, жеке іс-қағаздарын қолмен тапсырудың да қажеті жоқ. Жаңа мектепті таңдағанда оқыту тілі бірден көрінеді, ал қажет болған жағдайда өтінішті кері қайтаруға болады.

Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында тіркелу;
- «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
- Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
- Өтініштің мәртебесін жеке кабинеттен бақылауға болады.
Еске салсақ осыған дейін мектеп ауыстырудың балаға әсері мен салдары жөнінде мамандардан пікірін ұсынған болатынбыз.