Subaru Forester-дің жаңа моделі шықты. Қазақстанда қанша тұрады?

Жарияланды 18 Тамыз 2025 10:49

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Subaru-дың алтыншы буындағы кроссовері бір ғана күш қондырғысымен, төрт түрлі жинақтамада ұсынылады / Фото: kolesa.kz

Subaru Forester-дің жаңа үлгісінің еліміздегі ресми таныстырылымы әлі өткен жоқ, дегенмен марка өкілдері көліктің бағасын, жиынтықтарын жариялап, тапсырыс қабылдауға дайын екендерін мәлімдеді.

Зауыттық индексі SL9 болатын бұл автомобильдің ұзындығы 4655 мм, ал дөңгелек базасы — 2670 мм. Ол тек әдеттегі 2,5 литрлік бензинді атмосфералық қозғалтқышпен (FB25) ұсынылады. Қозғалтқыш қуаты 185 ат күші, айналу моменті 247 Нм. Бұрынғыдай ол Lineartronic вариаторы және тұрақты толық жетек жүйесімен жұмыс істейді.

Фото: kolesa.kz

Көліктің барлық нұсқасында EyeSight жүйесі бар. Бұдан бөлек кең бұрышты камерасы бар, жеті қауіпсіздік жастығынан тұратын кешен орнатылған. Алайда қымбатырақ модификацияларда EyeSight жүйесі автотежелу артқа жүру кезінде және жүргізушінің күйін бақылау функцияларымен толықтырылған.

Қазақстанда ең қолжетімді Subaru Forester нұсқасы – Elegance, бағасы 23,2 млн теңге. Бұл көлік 18 дюймдік дөңгелек дискілері, артқы, соның ішінде алдыңғы шыныларының қараңғылануы, кілтсіз басқару, алдыңғы орындықтарды электрлік басқару, 11,6 дюймдік экранды медиажүйе, климат бақылауы, шинаның қысым датчиктері, біррежимдік X-Mode жолсыз жолда жүру жүйесі сияқты ерекшеліктерге ие.

Фото: kolesa.kz

Prestige нұсқасы 24,4 млн теңгеге бағаланады. Ерекшелігі сол багаж есігі электрлік басқаруымен жабдықталған. Сонымен бірге, EyeSight көмекшілерінің толық жинағына ие, оған адаптивті круиз-бақылау, жолақта ұстау, автотежелу, соқыр аймақтарды бақылау және тағы басқа функциялар кіреді.

Фото: kolesa.kz

Sport жинақтамасының құны 24,9 млн теңге шамасында болады. Ол доңғалақ дискілерімен және интерьердің ерекше комбинацияланған жабынымен ерекшеленеді. Бұл нұсқаға екірежимді X-Mode жүйесі қосылған.

Қазақстандағы Subaru Forester-дің ең жоғары нұсқасы – Premium, бағасы 26,4 млн теңге. Бұл көлік былғары жамылғылы орындықтар, электрлік басқарылатын люк, төбеде толық рейлингтер, смартфонға сымсыз зарядтау, Harman Kardon аудиожүйесі және тағы басқа мүмкіндіктермен жабдықталған.

Еске салайық осыған дейін Subaru Outback жаңа буынға көшіп, кроссоверге айналғаны жайлы хабарлаған едік. Аталған модель 1990-жылдардан бері универсал түрінде шығарылып келген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз