Жаңалықтар

Астана әуежайындағы жөндеу жұмысына байланысты рейстер кестесі өзгереді

shutterstock
Астана әуежайындағы жөндеу жұмысына байланысты рейстер кестесі өзгереді/Фото: shutterstock

Air Astana елорда әуежайындағы жоспарлы жөндеуге байланысты рейстер кестесінде уақытша өзгерістер болатынын хабарлады.

Өзгерістер ұшу-қону жолағына жасалатын жөндеуге байланысты болып отыр. Ол төмендегі күндерді қамтиды:

  • 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін
  • 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін

Өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Ыстамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады. Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілген. Түйісу рейстерін жоғалтқан жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылған.

Рейске қатысты өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығынан анықтауға болады.

Бұған дейін, Қазақстан мен Қытай авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатқанын хабарлағанбыз.