Пойыз билеттеріне 40%-ға дейінгі жеңілдік жарияланды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Пойыз билеттеріне 40%-ға дейінгі жеңілдік жарияланды
Пойыз билеттеріне 40%-ға дейінгі жеңілдік жарияланды/Фото: ҚТЖ

Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы пойыз билеттеріне күзгі жеңілдік маусымы басталғанын хабарлады.

Жеңілдіктер 2025 жылғы 22 қыркүйектен 23 қазанға дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

  • № 9/10 «Астана – Алматы» Вагон түрі: отыратын (2С) Жеңілдік: отыратын орындарға 40%
  • № 65/66 «Астана – Жезқазған» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: купелік орындарға 25%
  • № 67/68 «Астана – Өскемен» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 77/78 «Алматы – Маңғыстау» Вагон түрі: купе (2К) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 25%
  • № 351/352 «Алматы – Өскемен» Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 30%
  • № 691/692 «Атырау – Ақтөбе» Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У) Жеңілдік: үстіңгі орындарға 20%

Күн сайын қатынайтын пойыз:

№ 11/12 «Алматы – Шымкент» Вагон түрі: турист (2Д) Жеңілдік: купелік орындарға 25%

Билеттерді жеңілдікпен bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып алуға болады.

Бұған дейін, төрт жылда теміржол қосыны 456 локомотив, 7 мыңнан астам жүк вагонымен толығатынын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз