Жаңалықтар

Ақ үйдегі кездесуде Зеленскийдің киіміне ерекше назар аударылды

Зеленский, Трамп
Ақ үйдегі кездесуде Зеленскийдің киіміне ерекше назар аударылды / фото: reuters

Әлемдік БАҚ Ақ үйде өткен кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің киім үлгісіне айрықша көңіл бөлді.

Бұл жолы Зеленский ресми шараға классикалық костюммен келді. Бұған дейін 2025 жылдың ақпанындағы АҚШ президенті Дональд Трамппен өткен келіссөздерде әскери стильдегі киімі үшін сынға ұшыраған болатын. Сол кезде көптеген басылымдар ресми шараға мұндай бейресми киіммен келу дипломатиялық этикетке сай емес деп жазған.

Ақ үйдегі соңғы кездесуде журналист Брайан Гленн Зеленскийдің костюмін мақтап:

«Тамаша көрініп тұрсыз, құрметті президент!» – деп әзілдеді.

Ақпандағы кездесуде, Зеленский соғыс біткен кезде ғана костюм киетінін айтқан еді.