Жаңалықтар

Қытайда 175 000$ тұратын әйел-роботтар сатыла бастады

Әйел-роботтар  ер адамға күндіз-түні қамқорлық жасай алады / фото: ашық дерек көзі
Әйел-роботтар ер адамға күндіз-түні қамқорлық жасай алады / фото: ашық дерек көзі

Қытайда ер азаматтарға арналған «идеал» әйел-роботтар сатыла бастады. Олар мейірімді, қырсықпайды және толықтай басқаруға болады.

Қытайда «мінсіз» әйел-роботтарды белсенді түрде жарнамалап, сата бастады. Олар тапсырыс берушінің талғамына қарай толықтай бейімделеді. Бет пішіні, бойы, дене бітімі, шашының түсіне дейін қалауыңызша жасата аласыз.

Мұндай  «өмірлік серігіңіздің» бағасы арзан емес .Бақандай 175 мың АҚШ долларынан басталады.

Әйел-роботтарды жасаушылардың айтуынша, бұл – XXI ғасыр ерлеріне арналған ең жақсы таңдау.

 «Ол әрдайым сіздің жағыңызда. Дауласпайды, қызғанбайды, ренжімейді. Күлімсірейді, қолдау көрсетеді, тамақ пісіріп, үй жинайды», -дейді әзірлеушілер.

Олардың айтуынша, әйел-роботтардың артықшылықтары мыналар:

– Толық бақылау.

– Көңіл-күйі үнемі жақсы.

– 24/7 қамқорлық пен қолдау.

– Тамақ дайындап, үй жинай алады.

Десе де, бұл жаңалық көпшілікке ұнап жатқан жоқ.

«Біз жаңа дәуірдің табалдырығында тұрмыз ба, әлде құрдымның жиегінде ме? Иә, технологиялар дамып жатыр. Бірақ біз осы жолда ең басты нәрсені – адамшылықты жоғалтып жатқан жоқпыз ба?» – деп сауал тастаушылар көбейді.

Мұның алдында қытай ғалымдары баланы құрсағында көтеріп, «босана» алатын роботты таныстырған еді.