«Отбасын асырап жүрген жаным» Ерке Есмахан Раймды мақтан тұтатынын айтты
Жарияланды

Ерке Есмахан Раймды, яғни Райымбек Бақтыгереевті мақтан тұтатынын айтты. Оның айтуынша, ол отбасын адал еңбегімен асырап жүр.
«Күйеуімде күнде концерт. Той. Адал еңбегімен отбасын асырап жүрген жаным», – деп мақтан тұтатынын жариялады.
Сонымен бірге, Ерке Есмахан Райымбек Бақтыгереевтің концертінен үзінді жариялады.
Ерке қазір жас босанып, декрет демалысында. Жақында ғана сәбиін қырқынан шығарды. Бірақ ол сахнаға шығуа асық.
«Бұл жолы декретте көп отырмай, тез-тез Ерке Есмахан болуға асығудамын», – дейді әнші. Оған Дженифер Лопестің Қазақстанда өткізген концерттері шабыт беріп отыр.