Жаңалықтар

Нұрлан имам Ринат Зайытовтың «намазхандардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзін растады

Нұрлан Байжігітов намаздың шарты өзгеру екенін айтты / фото: ашық дерек көзі
Нұрлан Байжігітов намаздың шарты өзгеру екенін айтты / фото: ашық дерек көзі

Нұрлан Байжігітов тікелей эфирде депутат Ринат Зайытовтың «намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ» деген сөзін растады.

Тик-ток имамға бір әйел  күйеуінің үстінен арызданды. Оның айтуынша, отбасында ұрыс-керіс бола қалса, күйеуі оған ұдайы «харамы» деп жекиді екен.

Нұрлан имам бұл туралы мынадай пікір білдірді.

«Иә, намаз оқиды. Бірақ тілдері екі метр. Ринат Зайытов бауырымыз намаз оқитындардың 80 пайызы алаяқ деген кезде өліп қала жаздадық. Бәріміз жабылдық. Жеп қоя жаздадық. Жеті атасын, тұқым тамырымен қазып, өлген атасының сүйегін сүйреп, апарып тастағандар бар», – деді Нұрлан Байжігітов.

Оның пікірінше, намаз оқитындар да боқтайды. Баласын, әйелін ұрып өлтіріп жатқандар да бар.  

«Не істейміз енді? Намаз оқығанның бәрі әулие емес. Оныкі – ақымақтық. Намаз оқыған адам өзгеру керек. Намаздың негізгі шарты – өзгеру. Болмысын өзгертіп, жақсылыққа бұрылу. Құдай қосқан әйеліне солай сөйлеу дұрыс емес. Жолдасыңыз қоятын шығар. Әбүйірін төкпей-ақ қояйық», – деді Нұрлан Байжігітов.

Алайда имам күйеуіне өзінің осы уағызын көрсетуге  кеңес берді.

Мұның алдында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мүфтияттың астарда имамдардың құран оқуына тыйым салғанына наразылық білдірген еді.