
17 тамызда Астана маңында Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл ұшағы апатқа ұшырады. Ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Сол күні бір тұрғын ұшақтың апатқа ұшырау сәтін видеоға видеоға түсіріп алыпты.
Видео авторы сол күні Ақмола облысындағы ауылға кетіп бара жатқан уақытта апат куәгері болғанын айтты. Ол ақша бұлтты видеоға түсіріп жатқан сәтте ұшақтың апатқа ұшырағанын көрген.
«Аспанның әдемі көрінісін көрсетем деп ұшақ апатын видеоға түсіріп алған болып тұрмын. Қатты қорқып кеткенім сонша, жүрегім ұшып кете жаздады», – деп жазды жас қыз.
Видео әлеуметтік желіге жарияланды.
Елордада ұшақтың апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.