Электрокарды жеңілдікпен елге кіргізудің аяқталуына 100 күннен аз уақыт қалды

ЕАЭО елдері үшін электромобильді баж салығынсыз жеңілдікпен кіргізу 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Алайда Қазақстан азаматтары үшін бар болғаны 97 күн қалды.
Уақыт неге аз
Жеңілдік мерзімі аяқталуға жақын. Себебі автомобильді кеденнен өткізу күрделі жұмыс. Экспорт құжаттарын дайындау, электронды кезек, шекарада кешігу, Алматы немесе басқа да қалаларға жеткізу біраз уақытты қажет етеді. Оның нарықтағылардың бәрі біледі.
Оның үстіне Қазақстанда желтоқсан айында мереке күндері көп. Жылдың соңғы айында мемлекеттік органдар үшін жұмыс күні азаяды. Одан қалды, ЕАЭО жүйесі үнемі мүлдіксіз жұмыс істей бермейді. Ақаулар болып тұрады.
Шетелден көлік жеткізушілердің айтуынша, көлікті рәсімдеу мен жеткізу шамамен 39 күнге созылады. Жыл аяғына дейін 136 күн қалғанын ескерсек, электрокарды жеңілдікпен алудың ең соңғы «қауіпсіз» күн — 23 қараша.
Қанша үнемдеуге болады
Мамандардың айтуынша, баж салығынсыз электрокарды елге кіргізуден әжептәуір үнемдеуге болады. Мәселен, 30 мың доллар тұратын автокөлік үшін кеден көлемдеріне, қосылған құн салығына, және утильалымға 10 мың немесе шамамен 5,4 млн теңге кетуі мүмкін. Электромобиль үшін мұндай шығын жоқ. Сондықтан оны әкелген тиімді.
Қанша көлік кірді
Қазір Қазақстанға жеңілдікпен таза электромобиль (Tesla, BYD, Zeekr, Xiaomi) ғана емес, Li Auto немесе BYD секілді гибрид түрлерін де кіргізіп жүр. Көлік министрлігінің мәліметінше, елде 17 мыңнан аса осындай көлік тіркелген. Алайда 30 мыңдық лимитке әлі жеткен жоқ. Сол себепті жеңілдікті 2026 жылға созуы мүмкін.
Дегенмен мамандар мүмкіндікті дәл қазір пайдаланып қалу керек деп отыр. Жеңілдікті созған күннің өзінде, 2026 жылы ҚҚС 12%-дан 16%-ға дейін өседі. Гибридке утильалым енгізуі оны одан сайын тиімсіз етіп жібереді.
Бұған дейін Kursiv.Media Tesla алты орындық, жол талғамайтын YL электромибилі бағасын жариялағанын жазған.