Жаңалықтар

Алдағы күндері жел күшейіп, бұршақ жауады

Алдағы күндері жел күшейіп, бұршақ жауады
Алдағы күндері жел күшейіп, бұршақ жауады/Фото: shutterstock

Қазгидромет алдағы күндері республиканың басым бөлінінде солтүстік-батыс циклонының ықпалы сақталатынын хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика батысы мен солтүстік-батысына батыс антициклонының тарамы біртіндеп ығысып, жауын-шашын тоқтайды. Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте түнде және таңертең – тұман.

Ауа температурасы

Солтүстікте түнде +8…+15°С, күндіз +20…+25°С дейін төмендейді.
Орталықта түнде +9…+18°С, күндіз +18…+30°С.
Шығыста түнде +7…+18°С, күндіз +19…+27°С.
Батыста түнде +15…+23°С дейін жоғарылап, күндіз +30…+37°С.
Солтүстік-батыста түнде +8…+16°С, күндіз +25…+33°С.
Оңтүстікте түнде +13…+22°С, күндіз біртіндеп төмендейді – +27…+35°С.
Оңтүстік-шығыста түнде +10…+22°С, күндіз біртіндеп төмендеп +20…+32°С болады деп күтіледі.

Бұған дейін, фермерлер енді жайсыз ауа райы – қуаңшылықтан егінін сақтандыра алатыны туралы жазғанбыз.