
22 тамыз күні елордада жастарға жұмыс табуға мүмкіндік беретін вакансиялар жәрмеңке ұйымдастырылады.
Іс-шара Кенесары көшесі 32 мекенжайындағы Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді.
Жәрмеңкеге экономиканың түрлі саласынан 70-тен астам жұмыс беруші қатысып, 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Ұлттық компаниялар, банктер, өнеркәсіптік кәсіпорындар және IT-хабтар ұсыныстарын таныстырады.
Жас мамандар еңбекке орналасу бойынша кеңес алып, кадрлық қызмет өкілдерінен ұсыныстар қабылдай алады. Шараны «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты мен Астана қаласының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Бұған дейін, KursivMedia журналистері онлайн жұмысқа ауысқысы келетіндерге арналған гайд әзірлеген болатын.