Бас прокуратура сталкингті қалай танып, қайда жүгінуге болатынын айтты

Бас прокуратура қылмыстық кодекске енгізілген жаңа 115-1 – «Сталкинг» бабына қандай қылмыстық әрекеттер жататынын түсіндірді.
«Сталкинг – бұл адаммен қарым-қатынас орнатуға және оның еркіне қайшы келетін, зорлық-зомбылықпен ұштаспаған, елеулі зиян келтірген әрекеттерді білдіретін адамды заңсыз қудалау«, – деп түсіндіреді қадағалаушы орган.
Отандық заңнамаға енгізілген жаңа бапқа сай, мұндай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделіп отыр.
Бас прокуратура сталкинг зорлық-зомбылық, қорқыту, бопсалау, жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзумен қатар жүрсе, іс-әрекет ҚК-нің басқа бабы бойынша қосымша сараланатынын атап өткен.
«Сталкинг бабы бойынша қылмыстық қудалау нақты зиян болған кезде басталатынын білу маңызды – мысалы, жеке өміріне қол сұғу, еркін жүріп тұру құқықтарының шектеулері немесе психологиялық қысым көрсету», – делінген хабарламада.
Жауаптылықты енгізудің мақсаты – құрбандарды ерте кезеңде қорғау және зорлық-зомбылық пен агрессивті мінез-құлыққа мөлдем төзбеушілік қалыптастыру екені айталады.
Ал құқық қорғау органдарының өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды әрекеттері сталкинг белгілеріне жатпайтыны ескертілген.
Бас прокуратура азаматтарды сталкингтің көріністеріне немқұрайлы қарамауға, мұндай жағдай туындаған кезде дереу ішкі істер органдарына хабарласуға шақырады.
Бұған дейін, заңгер кісі қолынан қаза тапқан әйелдердің 76%-ы сталкинг құрбаны екенін айтқан.