Жаңалықтар

Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донор екі адамға жаңа өмір сыйлады

Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донор екі адамға жаңа өмір сыйлады
Павлодарда қайтыс болғаннан кейінгі донор екі адамға жаңа өмір сыйлады/Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасында қайтыс болғаннан кейінгі донорда ағза алу операциясы жүргізілгенін хабарлады. Донор атанған адам Павлодар облысының 44 жастағы тұрғыны болған.

ДСМ ағзаларды трансплантаттау екі пациенттің өмірін «күту парағынан» құтқаруға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Нәтижесінде жүрек пен бүйрек сәтті алынып, трансплантатталды. Алынған ағзалар жаңа өмірге мүмкіндік болатын донорлар мен реципиенттердің бірыңғай республикалық тіркелімінен пациенттерге жедел жеткізілді. Бұл жағдай Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық және трансплантология мәдениетін дамытудың маңыздылығының жарқын мысалы болды», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік мәліметінше, донорлар мен реципиенттердің бірыңғай республикалық тізілімінде ағза трансплантаттауды күтіп жатқан 4 384 пациент бар. Оның ішінде:

  • 3 890 ересек пен 90 балаға бүйрек;
  • 201 ересек пен 21 балаға бауыр;
  • 25 ересек және 2 балаға өкпе;
  • 143 ересек және 6 балаға жүрек;
  • 4 ересек пен 2 балаға «жүрек-өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.

ДСМ бұл сандар елде донорлық және ағзаларды трансплантаттау жүйесін дамытудың жоғары қажеттілігін айқын көрсететінін айтады.

Бұған дейін, Kursivmedia елдегі донор тапшылығы мәселесін қалай шешуге болатыны туралы материал әзірлеген.