Қыз баланың зәресін ұшырған пранкер 10 тәулікке қамалды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Қыз баланың зәресін ұшырған пранкер 10 тәулікке қамалды
Қыз баланың зәресін ұшырған пранкер 10 тәулікке қамалды/Фото: Видео кадры

ІІМ ресми ресурсы Астанада орынсыз пранк жасаған ер адам 10 тәулікке қамауға алынған хабарлады.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау барысында ер адам қорқынышты костюм киіп, лифт істен шыққандай етіп көрсетіп, қызды әдейі шошытқан видеоны анықтаған.

Оқиға бойынша 26 жастағы қала тұрғыны полицияға жеткізіліп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке қамауға алынған.

Полиция мұндай «әзілге» жол берілмейтінін еске салып, азаматтарды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтап, айналадағы адамдарға құрметпен қарауға шақырады.

Бұған дейін Қытайда пранк түсіріп, бас дауға қала жаздаған қазақстандық блогер полицияға шақырып, онымен түсіндіру әңгімесі жүргізілген.

Сондай-ақ оқыңыз