
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ведомство атынан таратылып жатқан «АвтоЖол+» атауымен жеңілдетілген автонесиелеудің жаңартылған бағдарламасы жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Министрлік хабарламада көрсетілген шарттармен (автокөлік құнының 10%-дан 50%-ға дейінгі бөлігі субсидияланады, жылдық 2%-дан басталатын несие мөлшерлемесі, бастапқы жарнаның болмауы және т.б.) бағдарлама іске қосылғаны жөнінде ресми мәлімдемеген.
«Аталған ақпараттық материал жалған және алаяқтық мақсатта жасалған болуы мүмкін. Министрлік азаматтарды сақ болуға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін тексерілмеген сайттарда енгізбеуге, сондай-ақ тек ресми дереккөздерде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін, автокөлікті пайызсыз, жасырын төлемсіз және ислам құндылықтарына сай алуға болатынын жазғанбыз.
Сондай-ақ салондардағы 4%-дық автонесие ақиқат па, әлде маркетингтік айла ма екенін анықтап көргенбіз.