Дастан Сәтбаевтың «Челсиде» түскен суреттері жарияланды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Дастан Сәтбаев «Челсиде» түскен суреттері жарияланды / фото: Nobel

Желіде қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаевтың Лондонның «Челси» клубында түскен суреттері тарады. Суреттерде «Челси» аңызы Джон Терримен және қазіргі ойыншылары — Коул Палмер, Кристофер Нкунку, Энцо Фернандес секілді жұлдыздармен бірге түскен. Бұл туралы Дастан ресейлік спорт журналисі Нобель Арустамянға сұхбатында айтып берді.

2024 жылдың қарашасында Дастан Сәтбаев Лондонда екі апталық сынақтан өткен еді. Алдымен «Челси» U16 құрамында бақ сынап, кейін U19 командасына ауысты. Соңында жастардың негізгі сапына — U21 командасына қосылды

Дастанға өз шеберлігін дәлелдеу үшін көп уақыт қажет болған жоқ. «Челси» U21 сапындағы алғашқы ойынында-ақ хет-трик жасап, ағылшын мамандарын таңғалдырды. Қазақстандық футболшының дриблингтегі шеберлігі, ойын оқи білу қабілеті және шешуші сәттерде салқынқандылық танытуы клуб мамандарының жоғары бағасына ие болды.

Дастанның айтуынша, «Челси» клубында қаралымда жүрген кезінде негізгі құраманың ойыншыларымен тілдесіп үлгерген. Тіпті украиналық футболшы Михаил Мудрикпен орыс тілінде әңгімелескенін де айтты.

Еске сала кетейік, Дастан Сәтбаев «Қайраттан» «Челсиге» 4,3 млн еуроға ауысты. Алайда 18 жасқа толған соң, яғни 2026 жылдың тамыз айынан бастап лондондық клуб сапында ойнай алады.

Сондай-ақ оқыңыз