Lifestyle

Қазақстанда алғаш рет Disney киноконцерті өтеді

Қазақстанда алғаш рет – Disney киноконцерті өтеді /

Алматының репертуарына ресми Disney киноконцерттері енді. Симфониялық оркестрдің жанды сүйемелдеуімен өтетін бұл жобадағы жаңа бағдарламаларды отандық әртістер Disney шығармашылық тобының кастингінен өтіп, енді жыл бойы көрермендерге ұсынып отырады.

Алғашқы бағдарлама – «Арыстан патша» («Король Лев»). Көрермендердің көптеп түскен сұрауларына байланысты аңызға айналған киноконцерт 18 қазаннан бастап Almaty Theatre сахнасында қойылады.

Билеттер сатылымы 20 тамыз күні сағат 11:00-де kino.kz сайтында басталады.