Гүлзира Айдарбекова жаңа туған немересін елеусіз қалдырды

Жарияланды 20 Тамыз 2025 15:19

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Гүлзира Айдарбекова жаңа туған немересі - Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың сәбилі болғаны туралы тіс жармады. / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова
Гүлзира Айдарбекова жаңа туған немересі – Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың сәбилі болғаны туралы тіс жармады. / Коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Гүлзира Айдарбекова жаңа туған немересін туралы ләм-мим демей, әлеуметтік желіде назардан тыс қалдырып отыр.

Оқырмандар Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызды болуына бір жылы лебіз білдірмегені үшін Гүлзира Айдарбекованы сын тезіне алып отыр.

Қазір Гүлзира Айдарбекованың парақшаларында барған тойлары, шампунь сатуға арналған шаралары және ұлы Қайрат Нұртас туралы бейнежазбалар мен суреттерге толы. Десе де, дүние есігін жаңа ашқан немересі туралы жақ ашпауды жөн көрген.

Парақшаларына қарағанда, Әнші Қайрат Нұртастың өзі бақытты екені көрінеді. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Жұлдыз Әбдікәрімовамен бірге жүргені көрінетін рилстерін жариялай бастады. Онда Қайрат Жұлдызға ақ лала гүлін сыйлаған сәті көрінеді.

Оқырмандары тағы да перзентті болған екі жасқа бақыт тілеу үстінде.

Десе де, Гүлзира Айдарбекова жаңа туған немересін мүлде елеусіз қалдырды. Жұлдызды жұптың қызды болғанын елең қылмағандай. Мұны жұрт сан-саққа жүгіртіп жатыр. Жұлдызды отбасында бір гәп бар екенін байқайды.

«Әшейінде тамағына дейін салып отыратын еді, немересі дүниеге келгенде үнсіз қалды», «Бұл әулет Жұлдызды менсінбейді, сосын ол да бұларды керек етпейді», «Шампунь сатып, қолы тимей жатқан болар», – деген пікірлер жазылып жатыр.

Мұның алдында Гүлзира Айдарбекова сусабын сатып, ұтысқа 50 млн тұратын Lexus көлігі мен 10 млн теңге тіккені жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз