Қарасай ауданы әкімдігінің алдында бір әйел өзін-өзі өртемек болды (видео)

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Өзін-өзі өртемек болған әйел ақшасын төлеп сатып алған үйінен айырылған / фото: instagram.com/meir_halyq_zangeri, бильд-редактор: Дина Карамчакова
Өзін-өзі өртемек болған әйел ақшасын төлеп сатып алған үйінен айырылған / фото: instagram.com/meir_halyq_zangeri, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің алдында бір әйел өзін өртемек болды. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Әкімдік және күзет қызметкерлері оның қолындағы жанармайды күшпен тартып алып, қорқынышты қадамға барған әйелдің өмірін сақтап қалды.

Адвокаттың айтуынша, бұл жерде «бассыздық» орын алған. Өзін жағып жібермек болған Гүлнәра Әуелбекова ақшасын бөліп төлеп, үй сатып алған.

«Алайда біраз жыл өткенен кейін әйелдің құжаттарын сот назарға алмай, бұрын үй сатқан адамның пайдасына шешім шығарып бере берген. Мен бұл істі өзімнің өндірісіме алдым. Әділдік орнауы керек», – деді Мейірман Шекеев.

Адвокат қоғамнан қолдау күтетінін айтты.

Гүлнәра Әуелбекова үйді бұрынғы жездесінен алғанын айтып отыр.

«Ол кісі маған үйін сатты. Үш рет алдыма келіп, «мына үйді ал» деп қоймады. Құжаттарым мен алты жарым миллион ақшамды апардым. Келісім-шартқа отырдық», – дейді Гүлнәра Әуелбекова.

Алайда, кейін ол тақырға отырып қалған. Үй де жоқ, ақша да жоқ. Сондықтан Гүлнәра осындай қадамға барғанын айтты.

Мұның алданда Шымкент прокуратурасы ер адамның өзін-өзі өртеп жібермек болған әрекеті туралы түсініктеме берген еді.

Сондай-ақ оқыңыз