
Қазақстандық банктер 2025 жылдың алғашқы алты айында (қаңтар–шілде) 1,6 трлн теңге табыс тапты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,1%-ға немесе 252,5 млрд теңгеге көп. Бұл туралы Ұлттық банк статистикасында жазылған.
Шілде айында қазақстандық банктердің таза пайдасы 262 млрд теңгеге жетті. Ол – жыл басынан бергі ең жоғары көрсеткіш әрі өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда 13%-ға (30 млрд теңгеге) жоғары.
Жалпы жыл басынан бері есептесек, отандық банктер таза пайдасы төмендегідей болады:
- қаңтарда – 228,4 млрд теңге,
- ақпанда – 220,3 млрд теңге,
- наурызда – 215,1 млрд теңге,
- сәуірде – 240,5 млрд теңге,
- мамырда – 238,6 млрд теңге,
- маусымда – 235,7 млрд теңге.
Маусымда жарияланған жартыжылдық есепке қарасақ, банктер арасында ең көп табыс тапқан – Halyk Bank (473,9 млрд теңге). Екінші орында – Kaspi Bank (265 млрд теңге), үшінші орында – Банк ЦентрКредит (137,4 млрд теңге).
1 тамыздағы жағдай бойынша елде 22 банк жұмыс істейді. Маусым соңында бұрынғы микроқаржы ұйымы банк лицензиясын алып, BNK Commercial Bank деп атанған еді.
Ал тамыздың ортасында KMF микроқаржы ұйымы атауын өзгертіп, KMF Банкке айналды.