
«Қазгидромет» 20 тамызда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Атап айтқанда, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде найзағай ойнап, тұман түссе, оңтүстікте өрт шығу қаупі жоғары. Тағы бір облыста шаңды дауыл тұрады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астана қаласында 20 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Оның екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы қаласында 20-22 тамызда өрт шығу қаупі жоғары.
Шымкент қаласында бүгін өрт тұтануы мүмкін.
Солтүстік өңірлер
20 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының найзағай ойнап, бұршақ жауады. Дауыл тұрады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады. Оның екпіні облыстың батысында, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында найзағай ойнайды. Күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі бар.
20 тамызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Орталық өңірлердегі ауа райы
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
20 тамызда түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт шығу қаупі бар.
Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың шығысында өрт шығуы мүмкін.
Батыс өңірлер
20 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады. Екпіні – 15-20 м/с. Өрт шығуы мүмкін.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Өрт шығу қаупі жоғары.
20 тамызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Өрт шығуы мүмкін.
Оңтүстіктегі ауа райы
20-22 тамызда Алматы облысында өрт шығу қаупі жоғары.
Бүгін Жетісу облысында батыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-шығысында, шығысында өрт қаупі жоғары.
Түркістан облысында да өрт шығуы мүмкін.
Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел екіпін 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша өрт тұтануы мүмкін.
20 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады. Күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.