Жаңалықтар

Борышкердің елден шығып кетуіне көмектескен сот орындаушысының үстінен іс қозғалды

Борышкердің елден шығып кетуіне көмектескен сот орындаушысының үстінен іс қозғалды
Борышкердің елден шығып кетуіне көмектескен сот орындаушысының үстінен іс қозғалды/Фото: Gov.kz

Жетісу облысының прокуратурасы жеке сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастағанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы

Мемлекеттік сот орындаушысының іс жүргізуінде алимент өндіру туралы атқарушылық іс болған. Оның аясында борышкерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Бірнеше жылдан кейін сот орындаушысы атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына береді. Ал ол болса, борышкердің елден шығуына қойылған шектеуді алып тастап, борышкер Корея Республикасына ұшып кеткен. Қазіргі уақытта сол жақта.

Тергеу кезінде анықталғаны

«Қарсы прокурорлық тексеру кезінде өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қайтару және борышкердің шығуына қойылған шектеуді алып тастау туралы өтініштермен сот орындаушысына жүгінбегенін, өтініштегі қолжазба оған тиесілі емес екенін көрсетті. Оның үстіне ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан өтініш бере алмайтын болған. Борышкердің алимент бойынша берешегі өтелмеді. Облыс прокуратурасы сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, делінген хабарламада.

Бұған дейін, жеке сот орындаушысы ондаған азаматтың 56 млн теңгесін қалтасына басқаны хабарланған.