Жаңалықтар

«Қайрат» «Селтиктен» өтетін болса, Алматыға Еуропаның қандай клубтары келуі мүмкін

Қайрат» «Селтиктен» өтсе, Алматыға қандай клубтары келеді / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

26 тамыз күні Алматыда Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матч өтеді. Алматылық «Қайрат» өз алаңында Шотландияның атақты «Селтигін» қабылдайды. Бірінші ойын Глазгода 0:0 есебімен аяқталған. Егер қазақстандық клуб қарсыласынан өтіп, негізгі кезеңге жолдама алса, Алматыда футбол жанкүйерлері Еуропаның ең мықты командаларын тамашалай алады.

Негізгі кезеңде 36 үздік клуб бақ сынайды

Жаңа форматтағы Чемпиондар лигасының «жалпы кезеңіне» барлығы 36 команда қатысады. Қазірдің өзінде біршама клубтың аты белгілі. Егер «Қайрат» тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтсе, Қазақстанға мынадай алып клубтар келуі ықтимал:

  • Англиядан: «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси», «Ньюкасл», «Тоттенхэм»
  • Италиядан: «Наполи», «Интер», «Аталанта»
  • Испаниядан: «Барселона», «Реал», «Атлетико», «Атлетик», «Вильярреал»
  • Германиядан: «Бавария», «Байер», «Айнтрахт», «Боруссия» (Дортмунд)
  • Франциядан: «ПСЖ», «Марсель», «Монако»
  • Нидерландыдан: ПСВ, «Аякс»
  • Португалиядан: «Спортинг»
  • Түркиядан: «Галатасарай»
  • Чехиядан: «Славия»
  • Грекиядан: «Олимпиакос»

Бұл тізімге тағы 9 команда қосылып, жалпы саны 36-ға жетеді. Олардың қатарында плей-офф жеңімпаздары да бар.

Тарихи мүмкіндік

«Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы – қазақстандық футбол үшін тарихи жетістік болмақ. Бұл жағдайда Алматыға әлемдік футболдың жұлдыздары, соның ішінде Килиан Мбаппе, Ламин Ямаль, Винисиус Жуниор, Мохаммед Салах, Усман Дембеле сияқты ойыншылар келіп ойнауы мүмкін.

Айта кетейік, жауапты кездесу 26 тамыз күні Алматыда сағат 21:45 те өтеді.