
Бюджет қаражатын жымқырған
Солтүстік Қазақстанда әкімдіктің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сот ісі қаралып, үкім шығарылды. Бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер бюджеттен 46 млн теңгеден астам қаражат ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, 6,5-6,8 жылға сотталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
«2025 жылғы 3 ақпанда сот қызмет бабын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдарды аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау ісі бойынша үкім шығарды. Істі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерді», – делінген баспасөз хабарламасында.
Айыпталушылар кінәсін мойындамады
Баспасөз қызметінің мәліметінше, сотта бұлтартпас айғақтардың болуына қарамастан, айыпталушылардың ешқайсысы да айыптарын мойындамаған. Сонымен бірге жасаған қылмыстары үшін өкініш білдірмеген.
Ал мемлекеттік айыптаушылар сотталған қызметкерлердің кінәсін толық дәлелдеп, сенімге қиянат жасау жолымен мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын анықтаған.
Петропавл қалалық соты прокуратура дәлелдерімен келісіп, сотталушыларға 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен бірге сотталғандардан мемлекет есебіне материалдық шығын өндірілген.
Үкім заңды күшіне енген.
Айта кетсек, осыдан бір жыл бұрын Талдықорғанның тұрғын үй құрылысына арналған 250 млн теңгені жымқырған әкімдік қызметкері 7 жылға сотталған болатын.