Вело-жарысқа байланысты Алматының ірі көшелері бойынша қозғалыс шектеледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Gran Fondo World Championship  жарысы
Gran Fondo World Championship жарысына байланыст Алматының әл-Фараби көшесі жабыдады / Фото: kursiv.media

Алматыда 24 тамызда өтетін Gran Fondo World Championship жарысына байланысты бірқатар ірі көшелерде жол қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық жарыс

Әкімдік хабарлауынша, Gran Fondo әлем чемпионаты қалада алғаш рет өткізілейін деп отыр. Бұл шараны өткізуге Қазақстандық велосипед спорты федерациясы, Жетісу облысының велосипед спорты федерациясы, Алматы әкімдігі және Алматы қаласының велосипед спорты федерациясы ат салысады.

Бұл күні қалаға әр елден 500-ден астам спортшы келеді. Жарыс жасына қарай алты түрлі санатта өткізіледі. Ал басты жеңімпазға Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы беріледі.

Жарыс туралы

Gran Fondo жарысы осыдан бір ғасыр бұрын Италияда басталған. Артынша бұл жарыс көшпелі форматқа ауысып, әлемнің түкпір-түкпірінде өткізіле бастаған. Атап айтқанда, осыған дейін вело-жарыс Африка елдері мен Австралияда және АҚШ пен Еуропа елдерінде өткізіліп келген.

Бұл спорттық шараға байланысты 24 тамыз күні таңғы 4:30-дан бастап, 9:30-ға дейін әл-Фараби даңғылы жабылады. Достық көшесінен бастап, Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтайды.

Балама бағыттар

Әкімдік тұрғындар мен жүргізушілер үшін балама маршруттар әзірлеген. Олар келесідей:

  • Достық даңғылы;
  • Назарбаев даңғылы;
  • Сейфуллин даңғылы;
  • Жароков көшесі;
  • Розыбакиев көшесі;
  • Дулати көшесі Әл-Фараби даңғылына дейін;
  • Мұстафин көшесі.

Сондай-ақ оқыңыз