«Көзі скрипка үнінен әсерлі»: Әсел Исаева жұртты қатты таңырқатты (видео)

Жарияланды 21 Тамыз 2025 11:58

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Әсел Исаева сахнада тыңдармандарына ерекше әсер сыйлады / фото: instagram.com/assel__issayeva, бильд-редактор: Дастан Шанай
Әсел Исаева сахнада тыңдармандарына ерекше әсер сыйлады / фото: instagram.com/assel__issayeva, бильд-редактор: Дастан Шанай

Әсел Исаева – Ulytau тобының скрипкашысы өз өнерімен, харизмасымен, ерекше көзқарасымен қазақстандықтарды қатты таңырқатты.

Көп тыңдарманның пікірінше, Әсел Исаеваның сахнадағы ерекше көзқарасы скрипка үнінен, музыкадан да әсерлі шыққан.

Өнерпаз әртістігімен және харизмасымен жұртты қатты сүйсіндіріп отыр.

Тыңдармандарының сөзіне қарағанда, скрипкашы көзі арқылы музыкамен бірге барлық сезімдер мен эмоцияларды керемет берген.

«Көздері қандай ғажап. Хас сұлу! Әсел Исаева – нағыз жұлдыз. Еліміздің мақтанышы. Қазақстан секілді ғажап еліміздің даңқын шығарып жүр», – деп оқырмандары шығармашылығына сәттілік тілеп отыр.

Әсел Исаева – елімізде кеңінен танылған Ulytau атты қазақтың этно-рок тобының скрипкашысы. Топтағы жалғыз қыз. Кейбір қазақстандықтар Ulytau мен Әсел Исаеваның өнерін бала күннен бері бақылап жүргенін айтып, алғыс білдіріп отыр.

Мұның алдында Ерке Есмахан Раймды мақтан тұтатынын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз