Lifestyle

Гүлнұр Оразымбетова мен «автобустағы Клара апай» кездесті (видео)

Клара Жұмағалиева  Гүлнұр Оразымбетоваға "Сүйемін құлай" әнін айтып берді / фото: instagram
Клара Жұмағалиева Гүлнұр Оразымбетоваға «Сүйемін құлай» әнін айтып берді / фото: instagram

Гүлнұр Оразымбетова мен «автобустағы Клара апай» деп аталып кеткен Клара Жұмағалиева ақыры кездесті. Әнші Клараны өзі іздеп келіпті.

Клара Жұмағалиева танымал әншімен кездесуге боянып, сыланып, құлпырып келген. Қолында шоқ гүл. «Клара тәте сұлу әйел» екен деп таңданыс білдірген оқырмандар аз емес.

«Әнші мені арнайы іздеп келіпті. Мен жай ғана қарапайым жұмысшы әйелмін. Гүлнұр Оразымбетова қасымда тұр. Көп рахмет!» – деп әншіге алғысын білдірді «автобустағы апай».

Клара Жұмағалиева «Сүйемін құлай» әнін әрі қарай айта беретінін айтып, әншінің алдында тағы да бір мәрте өз дауысымен орындап берді.

Эстрада жұлдызы Гүлнұр Оразымбетова орындаған «Сүйемін құлай» әні Клара Жұмағалиеваға қатты ұнап, автобустың ішінде сезімге беріле айтқан бейнежазбасы әлеуметтік желіні жарды.

Қазақстандықтар жаппай дүрмекке ілесіп, «Сүйемін құлай» әнімен Клара Жұмағалиеваның қылықтарын қайталап, видеоға түсіп, Tiktok-қа жариялай бастады. Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы бұл әннің танымалдыққа ие болуына әсер еткен де осы жайт секілді.

«Осы кісінің арқасында осындай ән бар екенін білдік», – дейді оқырмандардың бірі.

Мұның алдында Ерке Есмахан Раймды мақтан тұтатынын айтқан еді.